Қоспанов Шапет

ҚОСПАНОВ Шапет (5.12.1914. СҚО қазіргі Шал ақын ауд. Кеңес а.) — мемлекет және қоғам қайраткері. Алматы зоо-вет. ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген (1936). 1936-40 ж. аға зоотехник. “Сенжар” кеңшарының директоры, Солт. Қазақстан обл. кеңшарлар тресінде аға зоо-техник болды. 1940 ж. Павлодар кеңшарлары мемл. тресінің аға зоотехнигі қызметіне ауыстырылып, 1948 жылға дейін жұмыс істеген. 1948 ж. сол қызметпен Ақмолаға ауысқан. 1951 ж. Қазақстан кеңшарлар мин-нің мал ш. басқармасының бастығы, 1959 ж. Қостанай обл. партия к-тінің хатшысы. 1961 жылдан Бат. Қазақстан обл. партия к-тінің 1-хатшысы, 1975—78 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-інің хатшысы және бюро мүшесі қызметтерін атқарған. 1978 жылдан құрметті зейнеткерлік демалыста. 3 мәрте Ленин. Қазан революциясы. 2 мәрте Еңбек қызыл Ту, 2 мәрте ” Құрмет Белгісі” ордендерімен және медалдермен марапатталған.