ҚОШАНОВ Аманжол Қошанұлы (11.10.1934. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Алқа ағаш а.) — ғалым, экон. ғыл.докт. (1979). проф. (1980). ҚР ҰҒА-ның акад. (1989). ҚР Ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткері (1994). Ш.Уәлиханов атынд. сыйлықтың лауреаты (1983). Ломоносов атынд. Мәскеу мемл. ун-тін бітірген соң Ақтөбедегі кооп. техникумында оқытушы болып жұмыс істеген. 1959—89 ж. Қазақ КСР ҒА Экономика интында кіші. бас ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры болған. 1989-90 ж. ҚР ҰҒА Президиумының аға ғалым хатшысы, 1994 жылдың ақпан айынан Қоғамдық және гуманит. ғылымдар бөлімінің акад.-хатшысы, 1997-99 ж. ҚР ҒА-ның випе-президенті қызметтерін атқарған. 400-ден аса ғыл. еңбектің, оның ішінде 25 монографияның авторы. “ҚР ҰҒА Жаршысы. Қоғамдық ғылымдар сериясы” журналының Бас редакторы. Хатықар, конферендияларда, Жапонияда. Германияда, Англияда, Финляндияда, Грекияда, Қытайда, Кореяда, Венгрияда өткен симпозиумдарда ғыл. баяндамалар жасаған. “Парасат” орденімен марапатталған”. Ғыл. еңбектері АҚШ-та. Қытайда, Жапонияда, Швецияда, т.б. елдерде жарық көрген.
Шығ.: Индустриатьный прогресс Казахстана. А.-А., 1979: Формирование частного предпринимательства в условиях перехода к рынку (на примере РК). А., 1995: Формирование системы акционерных отношений в РК. А., 1995; Смешанная экономика: трансформационная модель развития Казахстана, А., 1997: Смешанное общество: мировой опыт и Казахстан. А., 1997: Формирование государственного предпринимательства в РК. А., 2000: Отношения собственности в рыночной трансформации Казахстана. А., 2003; Конкурентос-пособное импортозамещение и внуренний рынок. А., 2003; Трудное восхождение: на путях к рынку. А., 2004 и др.