2022 жылдың 24 маусымы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Қазақтың ұлттық ағаш ыдыс-аяқтары» тақырыбында онлайн дәріс өтті.
Онлайн дәрісті осы кітапхананың бөлім басшысы Майра Әшімова өткізді. Ол ежелгі халық шеберлерінің емен, қайың және басқа да күшті ағаштарды пайдалана отырып, экологиялық таза табиғи материалдан ыдыс жасағанын, ұлт тұрмысы өмір салтында ас сақталатын ыдыс-аяқтарға ерекше көңіл бөлгенін айта келіп, қазақтың ұлттық ағаш ыдыс-аяқтарына жан-жақты тоқталып өтті. Олар: астау, тостаған, келі-келсап, зерен, тегене, саптыаяқ, ожау, қасық, табақ, күбі, піспек және кебеже.
Сондай-ақ қазіргі таңда ағаштан жасалған ыдыс-аяқтың адам денсаулығына пайдасы зор екендігін айтып, мамандардың ағаш ыдыстарды тұрмыста тұтынғанды дұрыс деп санайтынын жеткізді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ҚазақтыңҰлттықАғашЫдысАяқтары