ОМАРОВ Қосыл Әбдірахманұлы (1930. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Балуан а.) — еңбек ардагері, қоғам қайраткері. Абай атынд. ҚазПИ-ді бітірген (1953). Николаев орта мектебінде мұғалім (1953), Преснов ауд. Жамбыл орта мектебінің директоры (1954-60). 1960 ж. партия жұмыстарында: нұсқаушы, Солт. Қазақстан обл. партия к-тінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1973 ж. Петропавл қ-лық партия к-тінің 2-хатшысы, 1985 ж. ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, 1989 жылдан зейнеткерлік демалыста. Халықар. “Қазақ тілі” қоғамының обл. бөлімшесінің төрағасы және “Ана тілі” газетінің штаттан тыс тілшісі бола жүріп, облыста қазақ халқының салт-дәстүрлерінің, мәдениеті мен мемл. тілінің өркендеуіне және дамуына үлкен еңбек сіңірген. Н.А. Болатбаев жайлы кітапты құрастырушы (2002), “Трагедия, прозрение” (2003), Мағжан Жұмабаев, Қожаберген жырау туралы жинақтардың авторларының бірі. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен және медалдермен марапатталған. Шығ.: Заманмен сырласу. Петропавл, 2002.
С. Пресняков