Нетяга Михаил Иванович

НЕТЯГА Михаил Иванович (1949. Солт. Қазақстан обл. Аққайын ауд. Иванов а.) – ғалым, а.ш. ғыл. докт. (1996). Омбы а.ш. ин-тын бітірген (1974). 1982 жылдан Солт. Қазақстан Мал ш. және малдәрігерлік ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі. Н-ның жетекшілігімен “Сұлукөл” мемл. асыл тұқымлы мал з-тының базасында “Солтүстік қазақ мериносы” тұқымының з-ттық түрі шығарылды. Ол қойдан 3.1 кг таза жүн қырқылады. Зоотехника саласына арналған 66 ғыл. және ғыл.-тәжірибелік еңбектер жазған. Мемл. марапаттардың иегері.

Шығ.: Интенсификация овцеводства. Рекомедации по интенсификации животноводства Северо-Казахстанской области. Петропавловск, 1991; эффективность использования австралийских баранов при совершенствовании североказахстанских мериносов сулукольского типа // Научно-производственная конференция по овцеводству и козоводству. Ставрополь. 1992.