ҚҰНАНБАЕВ Әшірбек Құнанбайұлы (22.11.1938. СҚО Айыртау ауд. Үкілі Ыбырай а. — 24.11.2003) — ғалым, тех. ғыл. докт. Щучинск тау-кен металлургия техникумын. КазПТИ-ды (1965). АЖПМ-н бітірген. 1974 жылдан Жезқазған қ-лық атқару комитеті төрағасының 1-орынбасары, 1976 жылдан Сатпаев қалалық атқару к-тінің төрағасы. 1982 жылдан Жезқазған обл. атқару к-тінің төрағасы. 1986 ж. Қазақстан Түрлі-түсті металлургия мин. Жұмыспен қамтамасыз ету басқармасының бастығы. 1989 жылдан КСРО Металлургия Мин-нің Жұмыспен жабдықтау бірлестігінің Қазақстандық Бас директоры қызметтерін атқарған. Өмірінің соңғы жылдарында “Отырар” АҚ. “Дәулет” ЖШС-нің президенті болды. Үш өнертабыстық авторлық куәлігі бар. Монографиялар мен ғыл.-тәжірибелік еңбектердің авторы. Қазақ КСР Мин. Каб-нің Ғылым және техника салалары бойынша берілетін сыйлығының лауреаты (1991). Сәтпаев қ-ның құрметті азаматы. “Құрмет Белгісі” орденімен және медалдермен марапатталған.
К. Есмағамбетов