Құнанбаев Сапарбек Құнанбайұлы

ҚҰНАНБАЕВ Сапарбек Құнанбайұлы (17.9.1946, Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Өскен а.) — саясаттанушы ғалым, жерге қоныстандырушы инженер. 1970 ж. Алматы малдәрігерлік ин-тын бітірген. 1974—76 ж. Атбасар ауд. ” Шу” кеңшарында аға зоотехник, аудандық басқарма бастығының 1-орынбасары. 1976 ж. Целиноград обл. Атбасар ауд. Самар кеңшарының директоры болған. 1979— 80 ж. Қазақстан Компартиясы Целиноград ауд. партия к-тінің 2-хатшысы, Қазақстан Компартиясы Селетин ауд. партия к-тінің 1-хатшысы, 1986—87 ж. Маринов ауд-ның 1-хатшысы, Қазақстан Компартиясы ОК- нің инспекторы, 1991 ж. ҚР Президенті аппараты мен Мин. Каб-нің аға инспекторы қызметіне тағайындалады. 1992—94 ж. Көкшетау обл. әкімшілігі басшысының 1-орынбасары, ҚР Мин. Каб-нің агр. мәседелер жөніндегі бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдан Көкшетау обл. Щучье ауд-ның әкімі, Жер ресурстарын пайдалану жөніндегі обл. к-ттің төрағасының орынбасары, 2005 жылдан Солт. Қазақстан обл. жер қатынастары жөніндегі басқарманың бастығы. “Құрмет Белгісі” орденімен және 6 медалмен марапатталған.