Нұржанова Раиса Нұрғалиқызы

НҰРЖАНОВА Раиса Нұрғалиқызы (23.5.1931, Петропавл қ.) — Социалистік Еңбек Ері (1978). Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері (1977). Қазақ (қазіргі Алматы) мемл. мед. ин-тын бітірген (1958). 1958-63 ж. Семей обл. Ақсуат ауд. ауруханасының дәрігері, 1963 жылдан Семей обл. тубдиспансерінде өкпе аурулары бөлімшесінің (балалар) меңгерушісі.