Нұрымова Ғайша Ғазизқызы

НҰРЫМОВА Ғайша Ғазизқызы (Ибрагимова) (1926. Петропавл қ.) — қол өнер шебері. Жеңіл өнеркәсіп мин-нің Мәскеу технол. техникумын сырттай бітірген. Тоқыма тоқуды ауыл мектебінің екінші сыныбында оқып жүргенде бастаған. 2-дүниежүз. соғыс жылдары ФЗО-ла оқып, кейіннен № 347 з-тта (қазіргі ЗИМ) станокта, кейіннен обл. шеберханада тігінші болған. Мәскеуде киім пішу-тігу курсында оқып, мектеп оқушыларына еңбек және үй шаруашылығы пәнінен сабақ берді. Оның қолынан шыққан жұмыстары танымал бола бастайды. Н. ісмерлігінен туындаған заттар обл. республ. және Бүкілодақтық көрмелерде жүлделі орындарға ие болған. VI Бүкілодақтық халық шаруашылығы фестивалінің, Петропавл еңбек және соғыс ардагерлері хорының лауреаты. Медалдермен марапатталған.

С. Пресняков