НҰРТАЗИН Темірғали (29.12.1907. Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Кенже а. -4.1977. Алматы қ.) — жазушы, сыншы, ғалым, филол. ғыл. докт. (1963), проф., Петропавл қ-ндағы медресені бітірген. 1927-29 ж. Тонкерей ауд. “Жаңатұрмыс” колхозында ұстаз, кейіннен колхоз төрағасы. Петропавл пед. уч-щесін бітірген соң (1933). обл. партия к-тінің бөлім меңгерушісі болған. Ленинград журналистика ин-тын бітірген соң (1935) Қарағанды обл. “Қарағанды пролетариаты” газетіне жұмысқа жіберіліп, 1937 ж. қудаланған. 1943 ж. ҚазПИ-де оқытушылық қызмет еткен. Алғашқы өлеңдер жинағы “Машинист” 1932 ж. жарық көрген. С.Мұқановтың (1953 ж. орыс тілінде, 1958 ж. қазақ тілінде шыққан), Б.Майлиннің шығармашылықтары туралы монографияның авторы. “Казахская советская литература” (1971) оқулығының ав-торы. “Сборник рассказов” (1953), “Мұрат” (1958), “Адам бекерге жасамайды” (1965), “Ауыл тынысы” (1973) кітаптары жарық көрген. А.Никольскиймен бірге М.Әуезовтің “Абай” романының 1-томын орыс тіліне, Н.Гогольдің “Тарас Бульба” повесін қазақ тітіне аударған (1951).
К. Омаров