Нұрмағанбетов Екпін Қасымұлы

НҰРМАҒАНБЕТОВ Екпін Қасымұлы (26.6.1935. Со.тг. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Мәдениет а. — 22.1.1998, Алматы қ.) — ғалым, мед. ғыл. докт.. (1976), проф. (1979). Алматы мемл. мед. ин-тын (1958) және Қазақ КСР ҒА Өлкелік патология ин-тының аспирантурасын (1961) бітірген. 1961-79 ж. Қазақ КСР Денсаулық сақтау мин-нің Өлкелік патология ғыл.-зерт. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1979 жылдан Қазақ Дене тәрбиесі ин-тынын спорт. медицина және гигиена кафедрасының меңгерушісі. Негізгі ғыл. еңбектері түсті металдар және химия өнеркәсіптеріндегі еңбек гигиенасына, өндірістік өнеркәсіп орындарында қызмет істейтін адамдардың денсаулығына спорттың әсері мәселелеріне бағыттылған.