НҰРАЛИН Нұрғазы (7.11.1932. Солт. Қазақстан обл. қазіргі М.Жұмабаев ауд. Победа а.) — ғалым, геол.-минерал. ғыл. докт.. (1986). Мәскеу алтын және түсті металдар ин-тын бітірген (1955). 1956—57 ж. КСРО Геология мин. 1-Бас геол. басқармасының дала экспедициясында инженер-геолог; 1957-64 ж. инженер, кіші ғыл. қызметкер; 1964-72 ж. Қазақ КСР ҒА Геология ғылымдары ин-тында аға ғыл. қызметкер; 1972-73 ж. Қазақ КСР Геология мин. Солт. Қазақстан аумақтық геол. басқармасында партия бастығы: 1973-83 ж. Геология ғылымдары ин-тында лаб. меңгершусі; 1983-86 ж. аға ғыл. қызметкер; 1986-87 ж. лаб. меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1996 жылдан бас ғыл. қызметкер. К.Сәтбаев атынд. сыйлықтың лауреаты. Медалдермен марапатталған. Шығ.: Геолого-структурные условия формирования месторождения Жезказган. А.-А., 1964 (соавт.). Стратиформные месторождения меди западной части Казахстана. А.-А., 1976 (соавт.).