МЫРЗАТАЕВА Мәриям Нұғыманқызы (24.10.1924, СҚО Жамбыл ауд. Қарақамыс а. – 8.1993) — Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Алматы қ-ндағы қыздар пед. ин-тын (1948) бітірген. 1948-53 ж. Ленин (қазіргі Есіл) ауд. Еңбек орта мектебінде: қазақ “тілі және әдебиеті пәнінің мүғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болған. 1953-55 ж. Булаев (қазіргі М.Жұмабаев атынд.) ауд. Еңбекшіқазақ мектебінде мүғалім болды. 1955-82 ж. 2-қазақ мектеп-интернатында мұғалім кейіннен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет істеген. М. “Құрмет Белгісі” орденімен және “Қазақстанның ағарту ісінің үздігі” белгісімен марапатталған.