Мусин Үмітбай Мұсаұлы

МУСИН Үмітбай Мұсаұлы (1907, Солт. Қазақстан обл. Төңкеріс (қазіргі Шал ақын) ауд. Жалтыр а. — 1942) — қоғам қайраткері. Кедей шаруа отбасынан шыққан. 15 жыл байларға жалданып жұмыс істеген. Кеңес билігі кезінде білім алған. 1929 — 30 ж. Преснов (қазіргі Тимирязев) ауд. “Жарқын” колхозында колхозшы болып жұмыс істеген. 1-шақырылған Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің№ Солт. Қазақстан обл. кеңесінің деттаты болып сайланған. 1930-37 ж. Төңкеріс ауд. №285 “Октябрь” ет-сүт кеңшарының жұмысшысы, егістік бригадасының бригадирі; 1938—39 ж Төңкеріс ауд. атқару к-ті төрағасынің орынбасары, төрағасы; 1940—41 ж. Солт. Қазақстан обл. атқару к-ті төрағасынің орынбасары қызметтерін атқарған. 1941 ж. М. майданға аттанып, полк партбюросының хатшысы болған. 1942 ж. Мәскеу түбіндегі ұрыста ерлікпен қаза табады. Әскери “Қызыл Ту” орденімен, “Қазақтанның 15 жылдығы” белгісімен марапатталған.