Митронин Владимир Александрович

МИТРОНИН Владимир Александрович (18.8.1939, СҚО қазіргі Есіл ауд. Свет с.) — партия және қоғам қайраткері. Қорған қ-ндағы ауыл ш. ин-тын бітірген (1965). Еңбек жолын 1965 ж. Ленин (Есіл) ауд. ауыл ш. өндіріс басқармасында агроном болып бастаған. 1967— 69 ж. Мамлют ауд. “Қызыл әскер” кеңшарында агроном, 1969—72 ж. сол ауданнын “Қазақстанның 50 жылдығы” кеңшарының директоры болды. 1972—75 ж. Сергеев ауд. ауыл ш. басқармасының бастығы. 1975—77 ж. Сергеев ауд. партия к-тінде 2-хатшы. 1977—88 ж. Тимирязев ауд-нда және 1988 жылдан Бескөл ауд. партия к-тінде 1-хатшы қызметтерін атқарған. М. Еңбек Қызыл Ту, 2 мәрте “Құрмет белгісі” ордендерімен және медалдермен марапатталған.