Іс қағаздарын жүргізуді дұрыс ұйымдастыру кез келген ұйым қызметі туралы шынайы мәліметтер алып отыруға мүмкіндік беретіні және оларды неғұрлым тиімділікпен басқаруға ықпал ететіні айқын. Бұл іс қазіргі жағдайда бірқатар түбегейлі ерекшеліктерге ие болып отыр. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті бойынша әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Күлпаш Жағапарқызы Тулебаева кітапхана оқырмандарын осы ерекшеліктерімен таныстырып өтті. Соның ішінде ресми хаттарды, сұраным, негіздемелерді қалай жазу керек екенің атап өтті. Ресми құжаттатардың аудару ерекшеліктерімен таныстырды. Бүгінгі күні Әділет департаментында іс-қағаздарды жүргізу жөніндегі шаралар жайында да айтты.