Мейірманов Еркін Нұрмұханбетұлы

МЕЙІРМАНОВ Еркін Нұрмұханбетұлы (28.1.1932, Айыртау ауд. Володаров с.) — еңбек ардагері. Қазақ ауыл ш. ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. 1957—60 ж. Есіл ауд. Ильич атынд. МТС-та және Тимирязев ауд. “Степной” кеңшарында механик болды. 1960—66 ж. Марьев және М. Жұмабаев атынд. ауд-ндағы Чистов кәсіптік-тех. уч-шесінің директоры, обл. кәсіптік-тех. білім беру басқармасы бастығының орынбасары болған. 1966—67 ж. Совет (Аққайың), Ленин (Есіл) аудандарында жауапты қызметте болды. 1975— 87 ж. Мәскеу ауд. партия к-тінің 1-хатшысы, 1987—92 ж. Солт. Қазақстан обл. кәсіптік-тех. білім беру басқармасының бастығы, кейіннен обл. агро-өнеркәсіп төрағасының орынбасары болған. 1992 жылдан құрметті еңбек демалысында. Қазан революциясы. Еңбек Қызыл Ту. “Халықтар достығы”, “Құрмет Белгісі” ордендерімен және медалдермен марапатталған.