МАТВЕЕВ Александр Владимирович (26.7.1915, Петропавл қ. – 30.12.1972. сонда) – Кеңес Одағының Батыры (1945). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Қазан қ-ндағы эскери-жаяу әскерлер уч-щесін бітірген. 1937— 38 ж. Қызыл армия қатарында қызмет етіп, соңынан Петропавл қ-нда жүргізуші болып жұмыс істеген. 1941 жылдан 1-Белорусь майданында рота, ботальон командирі шенінде соғысты. Курск доғасы. Днепр. Прут үшін болған соғыстарға қатысып, 1955 ж. подполковник шенінде әскери демалысқа шығады. Зейнетке шыққанша Петропавл ұн комб-нда директордың орынбасары қызметінде болады. М. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, 2 мәрте Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медалдермен марапатталған. Петропавлда бір көшеге М. есімі берілген.