Мұзапаров Марат Жәнібекұлы

МҰЗАПАРОВ Марат Жәнібекұлы (1939. СҚО Жамбыл ауд. Майбалық а.) — ғалым, тех. ғыл. окт. (1994), проф. (1996). Қазақ политех. ин-тын (қазіргі Қ. Сәтбаев атынд. Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген (1964). 1964-65 ж. Лениногор геол.-барлау экспедициясында бұрғылау шебері, бас инженердің орынбасары; 1965-71 ж. Оңт. Қазақстан геолог. басқармасының бас инженері; 1971—73 ж. Қазақстан Геология мин. басқармасының өндірістік бас инженері; 1973—75 ж. Шығыс Қазақстан Геол. басқармасында отряд бастығы; 1975—90 ж. Қазақ Минералды шикізаттар ғыл.-зерт. ин-тында бас конструктор, аға ғыл. қызметкер; 1990—96 ж. «Зенит» кооп. мен “Иновация в технологии” мекемелерінің бастығы қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қ.И. Сәтбаев атынд. Қазақ ұлттық тех. ун-тінде бұрғылау қондырғылары технологиясы мен техникасы кафедрасында профессор. Негізгі ғыл. еңбегі пайдалы қазба кен орындарын барлау мен оның техникаларына арналған. Шығ.: Основы и практика уп-равления трассой с помощью гидроударников. А.-А., 1980 (соавт); Сервисная технология управления трассой скважин, А.-А., 1988 (соавт).

К. Есмағамбетов