МҰСЫРМАН Ақжүніс Шаяхметқызы (2.2.1959. Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Дәуқара а.) — тарих ғыл. канд.. подполковник. 1978 ж. М.Мәметова атынд. Қызылорда қазақ пед. уч-щесін, әл-Фараби атынд. ҚазҰУ-н (1985), Абай атынд. Алматы ұлттық пед. ун-тін (1995) бітірген. Еңбек жолын Дәуқара орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 1989—95 ж. Көкшетау мемл. ун-тінің оқытушысы, аға оқытушысы; 1996 ж. Көкшетау жоғары техн. ун-тінде кафедра меңгерушісі; 1997 ж. Петропавл жоғары әскери уч-щесінде аға оқытушы; 2000 жылдан ғалымхатшы, ғыл.-редакциялық баспаның бөлім бастығы болып жұмыс істейді. Қазан төңкерісіне деійнгі Сібір қазақтары туралы ғыл. зерттеулер жүргізген. 20-ға тарта ғыл. мақалалар мен бір монографияның авторы.