Мұстафин Бақыт Мүтәләпұлы

МҰСТАФИН Бақыт Мүтәләпұлы (10.12.1937, қазіргі Есіл ауд. Еңбек а.) — журналист, жазушы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазМУ-ді (қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ үлттық ун-ті) бітірген (1959). Еңбек жолын обл. “Ленин туы” газетінде (қазіргі “Солтүстік Қазақстан”) бастаған. Газетте бөлім меңгеруші, жауапты хатшы, редактордың орынбасары болып жұмыс істеген. 1988 жылдан осы газеттің бас редакторы қызметінде. Қазақстан Жазуішылар одағы сыйлықтарының бірнеше дүркін лауреаты. М. Солт. Қазақстан еңбекшілері жайлы бірнеше кітап мен очерктің, балаларға арналған “Тәтті сәбіз”, “Жаңарған өлке”, “Егістікке рахмет”, “Жарқын жол”, “Диқан жолы”, т.б. әңгімелердің авторы. Оның туындылары “Балдырған” балалар журналының жүлделеріне ие болған. “Достық” орденімен марапатталған.