МҰСАЙЫН Сегіз-Серіұлы, Мұсайын (1843, СҚО Жамбыл ауд. Асқап қонысы — 1920, сол ауд. Қожамжар а.) — ақын және суырып салма, жыршы. Новорыбин (қазіргі Болотный с.) с- нда, Петропавл. Омбы қ-ларында медресе бітірген. Ол Біржан салдың шәкірті және палуан әрі қолданбалы өнер шебері болған. Ақан сері, Жаяу Мұса, т.б. ақындармен дос болады. Араб, түркі. парсы тілдерін жақсы біліп, шығыс әдебиетін еркін оқи алған. “Кенесары-Наурызбай”,” Батыр Жәуке “,” -Жарылғаныс-Алуа”, т.б. дастандардың авторы. Біздің заманымызға Жәуке батыр, Жанайдар батыр және Есеней Естемісовке арналған “Жанайдар батыр” поэмасы, “Ұлы тойда” жыры, “Жоқтау әні” атты туындылары жеткен.
А. Садықова