МҰХАМЕДЖАНОВ Серік Мұхамеджанұлы (Ишанұлы) (23.10.1929. Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Жарқайың а.) — ғалым. геол.-минерал. ғыл. докт. (1969), проф. (1970), Қазақстан ҰҒА-ның акад. (1996). Қазақ тау-кен металлургия ин-тын бітірген (1949). 1949-65 ж. Қазақстан ҒА Геология ин-тында, 1965-91 ж. Гидрогеология және гидрофизика ин-тында (1984-91 ж., директор), 1991-93 ж. ВАСХ-НИЛ-де, ал 1993 жылдан қазіргі ҚазҰТУ-да ғыл.-пед. қызмет және “Ыстық су” ғыл,-өндірістік қауымдастығының жетекшісі қызметтерін атқарады. Негізгі ғыл. еңбектері платформалық-тауарлық және Орт. Қазақстанның гидрогеол. кен аймағында артезиан бассейндері түзілуінің заңдьпықтарын зерттеуге арналған. М. Шідерті өз. бассейнінің жер асты суларының қалыптасу заңдылықтарын зерттеді, оның ғыл. ізденістерінің нәтижесінде осы өзен аңғары арқылы Ертіс — Қарағанды канаты салынды. Қазақстанның солт.-батыс бөлігінде жургізген гидрогеол. зерттеулерінің нәтижесінде артезиан суларының орналасу, таралу, қалыптасу заңдытықтары және ресурстар қоры туралы мәліметтер алынды. Жер асты суларын, оның ішінде артезиан суларын пайдаланудың ғыл.-тәжірибелік ұсынысын жасап, өндіріске енгізді. Оның басшылығымен Балқаш-Алакөл өңірінде, Зайсан к. бассейнінде, Тарбағатай мен Іле тауларында. Семей өңіріндегі Ертіс маңында, Солт.-шығ. Қазақстанда гидрогеол. зерттеулер жүргізілген. 350-ден аса ғыл. еңбек жазды. “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медалмен марапатталған. Қазақстан ҒА-нын Ш.Уәлиханов атынд. сыйлығының лауреаты (1971).
Шығ.: Канат Иртыш — Қарағанда. А., 1965 (соавт.): Подземный сток на территории СССР, М., 1966 (соавт.); Недра Казахстана, А., 1968 (соавт.); Гидрогеология северо-восточной части Казахстана, А,-А., 1971; Фрегаты на артезианских водах. А.-А., 1975 (соавт.); Проблемы гидрогеологии и охраны геологической среды Казахстана. А.-А., 1990 (соавт.).