Мұқанов Қайролла Мұқанұлы

  МҰҚАНОВ Қайролла Мұқанұлы (26.9.1932. Тимирязев аул. Ынтымақ а.) — тарихшы, өлкетанушы. Қазақ мемл. ун-тін (қазіргі әл-Фараби атынл. Қазақ ұлттық ун-ті) бітірген. 1958 ж. Тимирязев ауд. Хрущев (Комсомол) орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі; 1959 ж. қазіргі Шал ақын ауд. Городецк сегізжылдық мектебінің директоры; 1971 ж. обл. білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1995—2001 ж. обл. мұғалімдер білімін жетілдіру ин-тында аға оқытушы болып жұмыс істеген. 2001 жылдан обл. мұражай бірлестігі жанындағы “Асыл мұра” орт-ның ғыл. қызметкері. М-тың қатысуымен “Тоқсан би”, “Қожаберген жырау”, “Арманды ақын”, “Жыр жұлдызы”, т.б. кітаптары жарық көрген. “Құрмет Белгісі” орденімен және медалдермен марапатталған.