Әлжанов Мағзұм

 ӘЛЖАНОВ Мағзұм (1924. СҚО Жамбыл ауд. Майбалық а.) — партия және қоғам қайраткері. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Алматы мемл. заң ин-тын (қазіргі Қазақ заң академиясы), 1957 ж. Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1940— 42 ж. Орман орта мектебінің мұғалімі. 1942 ж. Кеңес армиясы қатарына алынып, Орлов-Курск доғасы үшін болған шайқастарға, Белорусияны және Прибалтика мемлекеттерін азат етуге қатысты. 1945—46 ж. Преснов ауд. комсомол к-тінің хатшысы: 1953—57 ж. Солт. Қазақстан обл. партия к-тінің нұсқаушысы; 1960—63 ж. Ленин (қазіргі Есіл) ауд. партия к-тінің 2-хатшысы. ауд. атқару к-тінің төрағасы; 1963—68 ж. Петропавл қ-лық сотының төрағасы: 1968—70 ж. қалалық атқару к-ті төрағасының орынбасары: 1970—87 ж. Солт. Қазақстан обл. атқару к-тінің Әдітет болімінің бастығы қызметтерін атқарған. 1987 жылдан респ. дорежедегі дербес зейнеткер. Ә. 2-дорежелі Отан соғысы. “Құрмет белгісі” ордендерімен және медалдермен марапаттатған.