ЛИМАНОВ Есенгали (25.8.1930, СҚО қазіргі Шал ақын ауд. Балуан а. — 1992, Алматы қ.) — ғалым. тех. ғыл. докт. (1975), проф. (1976). Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қызметкер (1991). Мәскеу геолог-барлау ин-тын бітірген (1953). Еңбек жолын 1953 ж. Қазақстанның темір кентасты және титанды кенорындарын барлау жұмыстарына жетекшілік ету мен Геология мин-нде жұмыс істеуден бастаған. 1956 ж. Геология мин-нің бас инженері. 1960 ж. Қазақ ғыл.- зерт. ин-тында бұрғылау техникасы мен технол. лаб-ының меңгерушісі.1967 жылдан Қазақ политех. ин-тында кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған. 200-ден астам ғыл. еңбектің оның ішінде 19 монография мен 3 патент (АҚШ, Швеция, Германия) және 40 куәліктің авторы. Қазан революциясы, “Құрмет Белгісі” және бірнеше медалдермен марапатталған. Шығ.: Направленное и многозабойное бурение, М., 1966 (соавт.): Направленное бурение разведочных скважин, М., 1978 (соавт.); Направленное бурение — новый способ разведки месторождений полезных ископаемых, А.-А., 1984.