Әлібеков Ысқақ

ӘЛІБЕКОВ Ысқақ (25.9.1908, СҚО қазіргі Ғ.Мүсірепов ауд. Алғабас а. — 1982. Алматы қ.) — дәрігер. Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961). Соц. Еңбек Ері (1969). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Алматы мемл. мед. ин-тын (С. Асфендияров атынд. Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген ( 1938). 1942—43 ж. Еңбекшілдер. Рузаев ауд. ауруханаларында, Ақмола, Петропавл қ-ларындағы обл. денсаулық бөлімшелерінде қызметте. 1943—46 ж. Германиядағы Кеңес Армиясының госпиталін басқарып, бригада дәрігері болды. 1946—53 ж. Рузаев ауд. ауруханасын. 1953— 58 ж. Көкшетау обл. денсаулық сақтау бөлімін басқарды. 1958— 73 ж. Алматы обл-ндағы Қарғалы емханасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ә. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірнеше медалдермен марапатталған.