КУЩ Михаил Матвеевич (1912. қазіргі Тайынша ауд., Үлкен жүзім с. — 1997) — Социалистік Еңбек Ері (1957). Еңбек жолын 1929 ж. “Красный Октябрь” ұжымшарында қатардағы мүше болып бастап, кейін шаруашылық басқармасының төрағасы қызметіне дейін көтерілген. 1938—64 ж. Көкшетау обл-нда (1944 ж. дейін Солт. Қаз. обл.) партия және кеңес қызметкері. 1964 ж. қазіргі Тайынша ауд. “Октябрский” кеңшарына директор болып тағайындатып, ұзақ уақыт бойы осы шаруашылықты басқарған.