КРЫЛОВА Людмила Анатольевна (1.2.1953. Петропавл қ.) — ғалым. пед. ғыл. докт. (2000). Петропавл пед. ин-тын бітірген (1974). 1975-81 ж. Петропавл қ-ндағы №35 мектепте орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1984 жылдан Петропавл пед. ин-тында әдебиет кафедрасында аға оқытушы, 1990 жылдан әдебиет кафедрасының доценті болды. Петропавл қ-ндағы Бірінші гимназияның гуманитарлық пәндер бойынша жасалған инновациялық бағдарламасының авторы. 1996 жылдан СҚМУ-нің орыс тілі және әдебиеті кафедрасынын доценті.