Крайнов Владимир Николаевич

КРАЙНОВ Владимир Николаевич (1941 – 1997. Петропавл қ.) — халық ағарту ісінің үздігі, Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі. КСРО-ның еңбек сіңірген мұғалімі. 1978—92 ж. Петропавл пед. уч-щесінің директоры. Оның бастамасымен уч-шеде бөлмелерде оқыту жүйесі енгізілген, бөлмелерде оқыту жүйесін құру бойынша жұмыс тәжірибесі жетілдіріліп, КСРО ХШЖК-не (Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесі) қойылған. 1992—97 ж. Солт. Қазақстан обл. білім департаментін басқарды. Оның басшылығымен білім мекемелерінің пед. ұжымдары күрделі әлеум.-эконом. жағдайларда жүйенің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Қазақ тілінде білім беретін мектептерді қайта жаңғыртты.

С.Денкенова