КОСТИН Иван Антонович (1917. қазіргі Есіл ауд., Петров с.) — энтомолог-ғалым, биол. ғыл. докт. (1975), проф. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Алматы а. ш. ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. 1949—78 ж. Қазақстан ҒА-ның Зоология ғыл.-зерт. ин-тының энтомология лаб-нда аға ғыл. қызметкері, лаб. меңгерушісі. 1978 жылдан Қазақ ұлттық агр. ун-тінің энтомология кафедрасының меңгерушісі. Ғыл. еңбектері қауіпті зиянкестерді, әсіресе дендрофаг-қоңызын және басқа да ағаш діңін мекендейтін жәндіктерді жою шараларын зерттеуге арналған. 2- дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
Әдеб.: Стволовые вредители хвойных лесов Казахстана. А.-А., 1964; Жуки-дендрофаги Казахстана. А.-А.. 1973.