Королев Виталий Иванович

КОРОЛЕВ Виталий Иванович (1916. қазіргі Қызылжар ауд. Боголюбов с.- 4.11.1957. Ресей. Калининград обл. Ржевск қ.) — Кеңес Одағының Батыры (1945). Челябинск обл. Копейск қ-нда тау-кен ісі техникумында оқыған. Сталинград әскери-әуе мектебін (1939), жоғары шенді офицерлер құрамының жазғы-тактикалық курсын (1948) бітірген. 1935 жылдан Кеңес Армиясы қатарында. 1941 ж. мамыр айынан 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. КСРО ордендерімен және медалдермен марапатталған.