Негимов С. Әдебиет шамшырағы /С. Негимов // Солтүстік Қазақстан. — 2018. — 25 желтоқсан
Көрнекті әдебиет тарихшысы, білімдар сыншы және пайымдау қабілет-қарымы тегеурінді әдебиет…
Көрнекті әдебиет тарихшысы, білімдар сыншы және пайымдау қабілет-қарымы тегеурінді әдебиет…
Есіл ауданындағы Өрнек деп аталатын шағын ауылдың қасиетті топырағынан түлеп…
Белгілі ғалым Серік Негимовтің шығармашылық жолына үңілетін болсақ, үнемі ізденіс…
Евней Букетовтің бұл жарық дүниеден озғанына 35 жылдан астам уақыт…
Кәкімбек Салықов… Онымен тұңғыш рет тiлдескенiмде тоқсаныншы жылдардын аякталым тұсы…
Өткен ғасырдың 1967-1969 жылдары қазақтың күйші-композиторларының өмірі мен шығармашылығын зерттемек…
Илья Шухов Ветер разлуки Повесть в миниатюрах, эскизах и воспоминаниях…
На территории Петропавловска в районе старого драмати¬ческого театра вот уже…
“Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын…
Қазақтың тұңғыш саяси-демократиялық «Алаш» партиясының құрылғанына биыл 100 жыл толып отыр. Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалыескелі төл тарихымызда жабық тақырыптареа жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, зымиян саясаттың бет пердесі ашылды.
Тарихшыларымыз бірауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың орны толықтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта объективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен «Алаш» партиясының және сол кездегі қазақ зиялыларының қызметі. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. Мен де өз білгенімді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім.
1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің уақытша үкіметке деген сенімі әлсірейді. Өйткені, уақытша үкімет Қазақстанда әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болады.
Қазақстанның өз алдына ұлттық-аумақтық автономия болуы жөніндегі мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтереді деген үмітін аяқасты етті. Осыдан кейін уақытша үкіметте шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Әлихан Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгереді. Мұны ол «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 23 желтоқсандағы 256-шы санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген ашық хатында жан-жақты негіз деген.