КИРИЧЕНКО Михаил Михайлович (28.10.1923, қазіргі Айыртау ауд. Лавров с. – 8.05.1994, Ресей, Мәскеу қ.) — Кеңес Одағының Батыры (1991). 1941 ж. Алматы — жаяу әскер уч-щесін бітірген. 1941 ж. шілде айынан Қызыл Армия қатарында болған. 1944 ж. берілген Кеңес Одағының Батыры атағын, тек 1991 ж. 5 мамырда КСРО Жоғ. Кеңесі төралқасы жарлығымен алған. 1945 ж. офицерлер білімін жетілдіру курсын бітіріп, 1955 жылға дейін КСРО қарулы күштерінде қызметін жалғастырды. Демалысқа шыққаннан кейін Мәскеу қ-нда тұрды. “Главмос-автотранс” автомобиль жолдары басқармасында аға инженер болып істеген. 2 мәрте Ленин. 2 мәрте “Қызыл Жұлдыз” ордендерімен және бірнеше медалдермен марапатталған.
И. Зубарев