Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ, Ыбырай Сандыбайұлы (1860. Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. қазіргі Красноармейский с. – 1930) – қазақтың халық композиторы, әнші әрі суырып салма ақын, классик. халық музыкасының белгілі өкілдерінің бірі. Ү.Ы. бала кезінде молдадан оқып, арабша сауатын ашқан. Жас кезінен әнге, өлеңге құмар болған ол қазақтың атақты әнші-ақындарынан үлгі-өнеге алып, олардың шығарм-рымен танысып, бойьша сіңірген. Ү.Ы. 40-қа жуық әндердің авторы. олардың ішінде кенінен танымал болғандары: “Гәкку” (4 түрі), “Арарай”, “Кідік-ай”, “Дүние”, “Шалқыма”, “Көкше”, “Сүйгенім кете барды қасыма еріп”, “Қалқа бел”, “Қалдырған”, “Желдірме”, “Жиырма бес”, т.б. Ел арасына кең тараған “Гәкку” әні Ү.Ы. шығарм-ның шыңы болып табылады. Бұл әнді Е.Брусиловский “Қыз Жібек” операсында (Жібектің негізгі ариясы). ал “Арарай” әнін “Ер Тарғында” (Ақжүністің ариясы) пайдаланды.

Ү.Ы-дың өлеңдері тақырып жағынан сан алуан. Ол жастық, шақты, аңшылық пен ат үстінде қыдырудың қуанышы мен кереметін, жаңа кезенді. бостандық алған кедейлердің қуанышын (“Қазан жеңісі”, От арба”) жырдаған. Ү.Ы-дың тосыннан суырып салып шығарған өлеңдері көп (Доскей. Есімбет, Қожахмет ақындармен айтысы). Ү.Ы-дың өлеңдерін алғаш А.3атаевич пен И.Коцык нотаға түсірген. С.Мұқанов газет беттеріне оның өлеңдерін және ақындық шығарм. туралы мақала жариялаған. Ү.Ы-дың әдеби мұраларын әдебиет сыншысы Е.Ысмайылов зерттеген. драматург Ш.Хұсайынов ол туралы “Қайран Гәкку” пьесасын, Т.Қажыбаев “Қалдырған” және “Тағдыр” новеллаларын жазған.