КЕНЖЕГУЗИН Марат Балғожаұлы (30.05.1939. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Жамбыл ауд. Благовещен с. — 24.06.2006 Алматы) — экономист ғалым. Экон. ғыл. докт. (1982), проф. (1989). Еуразия Хатықар. экон. академиясының акад. (1998). Халықар. информатика академиясының акад. (2000). Г.В.Плеханов атынд. Мәскеу хатық шаруашылығы ин-тын (1962), 1965 ж. сол институттың аспирантурасын бітірген. 1965 аға инженер-экономист, 1966-68 ж. Қазақ КСР Мемл. жоспарлау к-ті жаныдағы Экономика ғыл.-зерт. ин-тының аға ғыл. қызметкері. 1968—79 ж. Қазақ Экономика және ауыл ш-ғын ұйымдастыру ҒЗИ-ның экон. кибернетика бөлімінің меңгерушісі, 1979-85 ж. КСРО ЦСУ-дің Санау механизациясы және есептеу жұмыстары жөніндегі Бүкілодақтық жобалау-тех-нол. ин-тының Қазақ филиалында директор. 1985—88 ж. оқу ісі жөніндегі проректоры, 1988—94 ж. Респ. АПК-ны басқару жоғары мектебінің ректоры, 1994—95 ж. Қазақ Мемл. басқару академиясының ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған. 1995 жылдан ҚР БҒМ Экономика ин-тының директоры. Оның 300-ден аса ғыл. жұмысы, оның ішінде 22 монографиясы және кітаптары жарық көрген. Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарымен. “Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін” белгісімен марапатталған (2002). Шығ.: Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение. Алматы. — 1997; Рынок ценных бумаг Казахстана: проблемы формирования и развития. Алматы. 1997 Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития в 2-х томах. Алматы. 2001: Экономика Казахстана на пути преобразований. Алматы, 2001; Казахстанская молель устойчивого экономического развития (научные основы построения и реализаций). Алматы, – 2003. Әдеб.: Казахская ССР. Краткая энциклопедия. т. 4 Алматы, 1991: Әбуталиев Н. Шоқ жұлдыз (тарихи-танымдық әңгімелер. естеліктер). Алматы, 1998: М. Ключеров. Земляки (сб. очерков). Челябинск, 2000.