КАРПУХОВИЧ Сергей Викторович (1957) — Петропавл қ- ның құрметті азаматы. Ярославл мемл. ун-тін бітірген (1979). ТМД-ға (Қазақстан) жолдамамен келген “Ассеss Industries, Inc” компаниясына жауапты 1-вице-президент, “Эксесс Индастриз (Евразия)” ООО, АҚШ компаниясы өкілдігінің директоры. (200); « Парк Авеню Капитал» жабық акционерлік қоғамының бас директоры (1996) “Комир-Инвест” ООО бас директоры (1998). Бірнеше қайырымдылық қорлары басқармасына енген. Екібастүз қ-ның да құрметті азаматы. ҚР 5 мемл. марапат иесі.