Исмағамбетов Сүйіндік Мәкенұлы

ИСМАҒАМБЕТОВ Сүйіндік Мәкенұлы (15.3.1938, Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Наурыз а.) — Социалистік Еңбек Ері (1967). Қазақ КСР-нің ауыл ш-на еңбек сіңірген қызметкері (1974). Целиноград ауыл ш. ин-тын, КОКП ОК-ндегі Әлеуметтік ғылымдар академиясын бігірген (1981). Еңбек жолын 1956 ж. Володар ауд-ның №11 Қазан автобазасында жүргізуші болып бастаған. 1957 жылғы сәуір айынан бастап “Червонный” а-нда жүргізуші, комбайншы, аға агроном, 1981 ж. ауд. атқару к-ті төрағасының орынбасары. 1983 ж. Халықтық бақылау к-тінің төрағасы болған. 1997 жылдан құрметті зейнеткерлік демалыста. Қазан революциясы орденімен марапатталған.