ИСАЕВ Мұхамеджан Кирейұлы (1939. Петропавл қ.) — ғалым. филол. ғыл. докт. (1992), Абылай хан атынд. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері ин-тының профессоры. 1957 ж. Алматы шет тілдері пед. ин-тының ағылшын тілі ф-тіне оқуға түскен. Оқуын аяқтаған соң ун-тте сабақ беруге қалған. Ұзақ жылдар бойы ағылшын тілінің фонетикасы кафедрасының меңгерушісі, декан болып қызмет атқарды. 1992—94 ж. ҚР Сыртқы Істер мин-нде жұмыс істеген, Қазақстанның Үндістан Республикасындағы тұңғыш елшісі болды. Төтенше және толық құқылы уәкіл дипломатиялық рангі бар. Әр түрлі делегацияның құрамында АҚШ-та, Ұлыбританияда, Францияда, Германияда, Израилде, Голландияда, т.б. жерлерде болған. 1996—99 ж. Қазақ агр. ун-тінің шет елдермен байланыс жөніндегі проректоры қызметін атқарды. Ағылшын тілінің теориясы мен практикасы саласының маманы ретінде тіл білімін салыстыра отырып, И. 60-қа тарта ғыл. мақала, 2 монография жазған. Қазақ тілінде оқитын студенттерге арналған ағылшын тілі кітабының авторларының бірі.