Иманқұлов Ысқақ

ИМАНҚҰЛОВ Ысқақ (1915. қазіргі Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Көктерек а.) — Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген үртісі (1966). Алғаш 1934 ж. Петропавлдегі Қарағанды драма театры филиалының сахнасында өнер көрсеткен. Петропавл театрының Гурьев (қазіргі Атырау) қ-на көшірілуіне байланысты сол қалада жұмыс істеген. Герман фашистері мен Жапония империалистеріне қарсы соғысқа қатысқан (1941-46). 1946-54 ж. Петропавл филармониясы қазақ труппасы ансамблінің көркемдік жетекшісі болған. 1954 ж. Гурьев қазақ драма театрына қайта шақырылған. 1970 жылдан Жетісай муз.-драма театрында (Оңт. Қазақстан обл.) жұмыс істеді. И. 140-қа тарта рөлдерде ойнаған. Олардың ішінде Н.Гогольдің “Үйлену” комедиясында Кочкарев. М.Шахановтың “Махаббат заңы” пьесасында Жудай хан, С.Жүнісовтің “Жаралы гүлдер” пьесасында Баттал, т.б. бар. И. өзін режиссер ретінде де көрсете білген. Онын режиссерлігімен театр сахнасында 30-ға тарта спектакль қойылған. “Қыздың атын қысқартпа” комедиясын жазған.

Қ. Мұқанов