Ибраев Ысқақ

ИБРАЕВ Искак. Ысқақ (1911, Со.тг. Қазақстан обл. Целинный (қазіргі Ғ.Мүсірепов) ауд. Қаратал а. — 16.7.1965, қазіргі Шал ақын ауд.) — Кеңес Одағының Батыры (1945). Пед. техникумды. Горький әскери-саяси уч-щесін. Могилев жаяу әскерлер уч-щесін, Алматы Жоғ. партия мектебін бітірген. 1944 жьлдың наурызынан 1945 жылдың ақпанына дейін Павлодар Қызылжұлдызды 60-гвардиятық атқыштар дивизиясының 177-гвардиялық атқышар полкінің атқыштар взводында командир болған. Одер өзенінен өту кезінде ерлік көрсеткен. Соғыстан кейін Октябрь ауд. атқару к-тінің хатшысы. Новопокров а-ның (1957), кейіннен Сергеев ауд. (қазіргі Шал ақын ауд.) ”Тереңсай” астық кеңшарының партия к-ттерінің хатшысы болған. Ленин орденімен және медалдармен марапатталған. Солт. Қазақстан обл. Амангелді а-ндағы бір көше И. есімімен аталады. Әдеб.: Герой Советского Союза — казахстанцы. А.-А., 1968.