ХОЛОДКОВ Александр Алексеевич (1934, Петропавл қ.) – өлкетанушы-ғалым, тарих ғыл. канд. Петропавл Ауыл ш-н механи-каландыру техникумын, Ярославл технол. ин-тын. КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1954 ж. Петропавл қ-ндағы обл. ауыл ш. басқармасының кеңшарлар тресінде инженер болып бастаған. Ярославлде мотор шығаратын з-тта, құрастырушылар бюросында, Петропавл бақылау мекемелеріңде жұмыс істеген. 1974 ж. Петропавл пед. ин-тында аға оқытушы, деканның орынбасары, филол. ф-тінің деканы қызметтерін атқарған. 1982 жылдан Алматы қ-ндағы Қазақ сәулет-құрылыс ин-тында қызметте. Бірнеше кітаптар мен кітапшалардың авторы. Шығ.: Петропавловское локомотивное дело. А.-А.. 1980; Петропавловск (история городов Казахстана). А.-А., 1985 (соавтор); Петропавловские большевики в трех революциях. А.-А, 1987; Северо-Казахстанская обл. Страницы летописи родного края. А.-А., 1993 (соавт.).
В. Трусов