ХОДЖАЕВ Равиль Шарипович (11.9.1937, Петропавл қ.) -ғалым, экон. ғыл. докт.. (1982), проф. (1983). Қарағанды политех. ин-тын бітірген (1964), содан кейін Көмір ИНИЭИ-ның аспирантурасында (Мәскеу) оқыған. 1970 жылдан Қарағандыда: Көмір ин-тының сектор меңгерушісі, Қарағанды поли-тех. ин-тында кафедра меңгерушісі (1976 – 87) қызметтерін атқарған. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты тау-кен өнеркә-сіптерінде өнім өндіруді жоспарлау және басқару жұмыстарын жетілдіру үшін қоршаған орта факторларын болжау және есепке алуға бағытталған. Шығ.: Экономическая оценка разработки нарушенных утольных пластов. М., 1978: Экономическая эффективность стожных угольных месторождений. М., 1983.