ХҰСАЙЫНОВ Шахмет (12.5.1906. Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Қаратал а. – 30.5.1972, Алматы қ.) – драматург, жазушы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1925-28 ж. Қызылжар (Петропавл) пед. техникумында оқыған. 1929-34 ж. аудандық, Көкшетау, Қарағанды обл. газеттерінде. “Қазақ әдебиеті” газетінде жұмыс істеген. 1935-38 ж. А.В. Луначарский атынд. Мәскеу театр ин-тында (ГИ-ТИС) режиссерлік ф-тте оқыған. 1938-40 ж. Қазақ драма театрының әдеби бөлімінің меңгерушісі, 1940-50 ж. Семей, Орал обл. драма театрларының көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған. Алматы қ-ндағы Орталық біріккен киностудияда редактор, Қазақ КСР ҒА Кино өнері секторында аға ғыл. қызметкер болған. Ұжымдастыру жылдарына арналған алғашқы “Басталу” пьесасы 1932 ж. жарық көрген. Содан кейін “Жексұрындар” (1932), “Егін орағы” (1935), “Шолпан” (1938). “Кеше және бүгін” (1940; 30-жылдардағы “Марабай” пьесасының бір түрі) пьссалары жарияланды. Тарихи рев. тақырыпта “Амангелді” (1936), “Боран” (1940), “Біздің Ғани” (1957), “әл-Фараби” (1972; О.Бодықовпен бірге) пьесалары жазылған. “Алдар көсе” (1942) комедиясында фольклор үлгісінде хатықтық өткір тілді кейіпкердің бейнесі жасалған. “Көктемгі жел” (1952), “Сотқар” (1954), “Ертіс жағатауында” (1957) пьесаларында адамның жағымсыз қылықтары келемежделіп, Қазақстанда жұмысшы тобының қалыптасуы баяндалған. X. “Жігіт пен бойжеткен” (1955), “Біз осында тұрамыз” (1957), “Ертістің құлазыған (жабайы) жағасында” (1959) көркем фильмдері сценарийінің авторы (В.Абызовпен бірге). Қаратал орта мектебіне, Ақмола обл. музыкалық драма театрына X. есімі берілген. “Құрмет Белгісі” орденімен және медалдермен марапатталған.