Есмұханов Маташ Есмұханұлы

ЕСМҰХАНОВ Маташ Есмұханұлы (1929, Солт. Қазақстан об. Уәлиханов ауд. Сатай а.) — ғалым. Омбы қазақ пед. уч-щесін (1951). Абай атынд. ҚазПИ-ді (1957) бітірген. 1951-57 ж. мектепте ұстаз, 1957—62 ж. Өскемен қ-ндағы жоғары оқу орындарында оқытушы, аға оқытушы, 1962—71 ж. Қыздар пед. ин-тында аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, 1971-74 ж. ҚазМУ-дың доценті. 1974-79 ж. Қазақ КСР Оқу-ағарту мин-нің орта және жоғары білім беретін оқу орындары басқармасының және бөлімнің бастығы, 1986 ж. Талдықорған пед. ин-тында кафедра меңгерушісі, декан. Ал 1986 ж. Ш.Уәлиханов атынд. Көкшетау пед. ин-тының кафедра меңгерушісі, профессоры. 80-нен аса ғыл. еңбектің авторы. Шығ.: Предел функции, 1971: Изложение интегрального исчисления структурным методом, А.-А., 1986: Применение свойств непрерывных и дифференцированных функиий к решению задач в курсе математики старших классов. А.-А., 1980; Исследование функции. А.-А., 1988; Научить учащихся думать и мыслить, А., 1993; Геометрия, А., 1995; Курс математического анализа; А., 1998.

К.Әбуов