ЕЛЕУСІЗОВ Нығмет Қаппасұлы (1936, Петропаат қ. — 1998, Алматы қ.) — тех. ғьш. канд. (1972), доцент (1975). Қазақ КСР еңбек сіңірген өндіріс процесін жаңартушы (рационализатор) (1969). 1960 ж. Қазақ политех. ин-тын бітірген соң Қазақ КСР ҒА Механика және математика ин-тында аға лаборант, 1961—70 ж. Ертіс химия-металлургиялық з-тында мастер, цех бастығы қызметтерін атқарған. 10 жылға тарта Қазақстанның фосфор шығаратын өнеркәсіптерінде басшылық қызметтерде — Жамбыл қос суперфосфат з-тында директордың орынбасары және Жамбыл фосфор з-тында директор болған. 1982-92 ж. ҚазПТИ-да кафедра меңгерушісінің орынбасары, кейіннен өндірісті ұйымдастырушылар ф-тінің деканы. 1992—98 ж. “Азиз” акцион. қоғамы басқармасының төрағасы, “Казтехнострой” РСМО-ның бас директорының экономика жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.