ЕЛЕУСІЗОВ Мұқаш Қаппасұлы (26.12.1921, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Жаңажол а.) — Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1978), экон. ғыл. докт. (1972), проф. (1973). Қазақстан Гуманитарлық ғылымдар академиясының (1996) және Евразия Хатықар. экон. академиясының академигі (1998). 1940-41 ж. орта мектепті және мұғалімдер курсын бітірген соң, Қызылту (қазіргі Ш.Уәлиханов) ауд. Жарқын жетіжылдық мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болды. 1941 жылдың қазанында КСРО шекара әскерлері қатарына шақырылған. 1945 ж. тамызда Ленин орденді 60-Камчатка теңіз шекара отрядының құрамында Жапониямен болған соғысқа қатысқан. 1946—50 ж. Совет (қазіргі Аккайың) ауд. комсомол к-тінің бірінші хатшысы, Солт. Қазақстан обл. комсомол к-тінің хатшысы қызметтерін атқарды. Респ. партия мектебін (1950—52) бітірген соң. сонда саяси экономика кафедрасында оқытушылыққа қалдырылып, 40 жылдан аса жұмыс істеген. 10 монографияның, 250-ден аса ғыл. мақала мен репензияның авторы. Соңғы 30 жыл бойы Е. кафедра меңгерушісі болды. 2-дәрежелі Отан соғысы. 2 “Құрмет Белгісі” ордендерімен және медалдермен марапатталған.