Елеманов Абдрахим Елеманұлы

ЕЛЕМАНОВ Абдрахим Елеманұлы (19.9.1916. Со.тг. Қазақстан обл. қазіргі Жамбыл ауд. Баян а. — 13.5.1970. Алматы қ.) — ғалым. а.ш. ғыл. докт. (1969), проф. (1970), Қазақ КСР ҒА-ның корр.-мүшесі (1962). Алматы малдәрігерлік ин-тын бітірген (1936). 1946 жылдан Сібір мал ш. ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер. 1952 жылдан Қазақ мал ш. ғыл.-зерт. ин-тын-да ғыл. істер жөніндегі директордың орынбасары. директоры болды. 1955—56 ж. және 1965— 70 ж. Қазақстан Республикасының А.ш. министрінің орынбасары. 1957-61 ж. Қазақ КСР ҒА-ның мал ш. бөлімінің акад.-хатшысы. 1962—65 ж. Қазақстан Республикасынның Ауыл ш. министрі. Негізгі ғыл. жұмыстары селекция және қой тұқымын жетілдіру мәселелеріне арналған. Қойдың жаңа тұқымлары — байкал биязы жүнді қойының (1956) және солтүстік қазақ мериносының (1976) авторларының бірі. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында ауьш ш-н жетітдіру, дамыту жүйесін жасауға басшылық етті. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, медалдармен марапатталған.

Шығ.: Овцеводство. А.-А., 1954; Овцеводство — вторая целина Казахстана, А.-А., 1964; Бескарагайские мериносы, А.-А., 1965; Насущные проблемы овцеводства Казахсгана, А.-А., 1970.

Қ. Мұқанов