ДУБЫНИН Исидор Дмитриевич (1882 – 10.6.1919, Петропавл қ.) — Қазақстандағы төңкеріс қозғалыстарына қатысы бар атақты революционер. 1-дүниежүз. соғыс кезінде қатардағы жауынгер болған. 1917 ж. майдангерлермен бірге Петропавл қ-на келген. 1917 жылдың қыркүйегінен бастап “Заря” большевиктік газетінің редакторы. 1917 жылдың қарашасынан РСДРП(б) Петропавл қ-лық бірлестігінің 1-төрағасы, осы жылдың желтоқсанынан Петропавл әскери-рев. к-тінің төрағасы. 1918 жылы маусымда ақ чехтардың бүлікшілігіне байланысты қалада бекініс ұйымдастырған. Петропавл қ. бүлікшілердің қолына көшкен кезде Жұмысшылар мен солдат депутаттары кеңесінің мүшелері, оның ішінде Д. да бар, тұтқынға алынып, ату жазасына кесілген.
Әдеб.: Холодков А.А., Петропавловские большевики в трех революциях, А.-А., 1987.
Т.Макарова