ДРОБОВЦЕВ Василий Игнатьевич (1939. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Жамбыл ауд. Преснов с.) — ғалым, биол. ғыл. канд. Петропавл пед. ин-тын бітірген. Осы ин-тта оқытушы, доцент. проф. (1962-78). 1979-84 және 1995-98 ж. Солт. Қазақстан ун-тінде кафедра меңгерушісі болды. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты — Халықар. дәрежедегі Солт. Қазақстанның пайдалануға болатын сулыбатпақты жерлері және оның кешенін қорғау. 130 ғыл. жұмыстың. оның ішінде 10 оқу-әдістемелік құралдың авторы.